Әділет министрі Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Қанат Мусин БАҚ өкілдерінің Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталуына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен заң отбасы мүшелерін айқындайды. Ал немере туыстары бұған кірмейді. Екіншіден, қателеспесем, «Тұңғыш Президент туралы» Заңда Тұңғыш Президентті, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындығы айтылған. Яғни, оларға айып тағуға болмайды. Бірақ айып тағу үшін тергеуге тыйым салынбаған»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, тергеу, қандай да бір іс-қимыл болуы мүмкін.

«Заңда көрсетілген тұлғаларды ұстауға және тұтқындауға болмайды. Оған заң тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қоюға және жауап алуға тыйым жоқ»,- деді Қанат Мусин.

Естеріңізге сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыұлы «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау күдігімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады

Айта кетсек, ҚР «Тұңғыш Президенті туралы» 3-бабына сәйкес, тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады.


Соңғы жаңалықтар