+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Әділет министрі алимент төлеу бойынша қор жұмысының тәртібін түсіндірді

2020 жылғы 17 қаңтар 15:28
Бөлісіңіз:
Әділет министрі алимент төлеу бойынша қор жұмысының тәртібін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алимент төлеу бойынша қорды құру ақшаны тегін таратуды қарастырып отырған жоқ. Бұл туралы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін ведомствоның басшысы Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақшаны тегін тарату деген болмайды. Осы орайда қор құрылғаннан кейін барлық берешек қаражат өзінен-өзі жабылады деп ойлау дұрыс емес», - деді М. Бекетаев тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бүгінде мұндай қордың екі моделі бар. Біріншісі – кредиттік модель, ал екіншісі қайырымдылық негізде қызмет етеді. Кредиттік модель банктік займдар қағидасы бойынша жұмысты ескереді. Бұл тұрғыда адам еңбекақы алғанша дейін тиісті кезеңге алимент төлеу үшін қаражат сұрай алады.

Екінші модельге сәйкес, яғни қайырымдылық қор аясында ақша қайтарымсыз беріледі. Алайда барлығына бірдей беріле бермейді.

М. Бекетаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда қайырымдылық модельді пайдалану ұсынылып отыр.

«Ақша ең қиын жағдайларда беріледі. Адамдар сыртқатқа шалдықса немесе мүлдем қиын жағдайға тап болса, басқа мүмкіндіктер болмаса, қолдау жасалады. Қайырымдылық модель тиісті комиссия мен кеңесті құруды ескереді. Оның құрамына тәжірибелі мамандар тартылады. Шешім қабылдарда комиссия шақыртылады. Мәселен, бір адамдарға 100 мың теңге, кейбіріне 500 мың теңге қажет болуы мүмкін», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT