+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Әділбек Жақсыбеков әділетсіз төрешілер мен ойыншыларды футболдан қуатынын айтты

2019 жылғы 4 қазан 20:34
Бөлісіңіз:
Әділбек Жақсыбеков әділетсіз төрешілер мен ойыншыларды футболдан қуатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков клубтар мен төрешілерге үндеу жолдап, әділ ойын принциптерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы шешуші кезеңге аяқ басты. 28-турдан кейін турнир кестесінің басында Алматының «Қайрат», Қостанайдың «Тобыл» және Нұр-Сұлтанның «Астана» командалары келеді.

Шешуші матчтардың қарсаңында ҚФФ басшысы Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лиганың клубтарын, сондай-ақ төрешілерді әділ ойын (Fair Play) принциптерін қатаң сақтауға шақырды.

«Қолы таза емес команда басшылары, бапкерлер, төрешілер, тіпті футболшылар да, егер бұлтартпас дәлелдер табылса, футболдан қуылады», - деді Әділбек Жақсыбеков.

Федерация президенті ресми сайыстарда ойын нәтижесіне тікелей ықпал ететін қателіктер жіберген бірқатар төреші ұзақ мерзімге қызметінен шеттетілгенін тілге тиек етті.

«Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лига біріншіліктерінің соңғы матчтарын Төрешілер комитеті, Әділ ойын принциптерінің сақталуын қадағалау комитеті, ҚФФ Әдеп комитеті қатаң қадағалап отырады», - делінген мәлімдемеде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT