+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Әділбек Сәрсембаев Ұлттық геологиялық қызмет құрудағы басты мақсатты атады

2021 жылғы 20 қазан 11:43
Бөлісіңіз:
Әділбек Сәрсембаев Ұлттық геологиялық қызмет құрудағы басты мақсатты атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев Ұлттық геологиялық қызмет құрудағы басты мақсатты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, еліміздің ресурстық әлеуеті толығымен ашылған жоқ. Геологиялық зерттелуі де төмен деңгейде қалып отыр. Бұл бағытта іздеп табу технологияларын жақсартып, инвестицияны арттыру қажет. Инвесторларға кешенді қолдау көрсететін Ұлттық геологиялық қызмет құру геологиялық ақпараттардың ашық цифрлық мәліметтер базасын әзірлеуге жол ашып, еліміздегі геологиялық барлауды дамытуда маңызды рөл атқаратын болады», - деді вице-министр елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі барысында.

Вице-министр дамудың шикізаттың моделінен қайта өңдеу моделіне көшу аясында қайта өңдеу өндірісін дамыту міндеті тұрғанын баса айтты.

«Бұл үшін бүгінде Үкімет «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң әзірледі. Оның мақсаты - бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін арттыру және дамудың шикізаттың мөделінен бас тарту арқылы өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT