Әділбек Сәрсембаев Алматы аудандағы түйткілді проблемаларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев аудандағы түйткілді проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан тұрғын үй алаптарында бірқатар проблема бар. Оларды шешу барлық мемлекеттік органдардың ұйымдасып істеген жұмысына байланысты. Ең алдымен жол инфрақұрылымы проблемаларына тоқталсам, абаттандырылған жолдар мен тұрғын үй алаптарына барар жолдар жоқ. Олар жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 34 көше мен 21 шақырымды құрайтын Оңтүстік-шығыс шағын ауданындағы 45 көшенің жолдары», - деді ол елорда әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдау барысында.

Аудан әкімінің айтуынша, бірқатар тұрғын алаптарынында асфальт төселген жолдар жоқ. Соның салдарынан лай мен балшық қала көшелерін ластап жатады.

«2011 жылы «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» тұрғын үй алаптарында Көлік және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасы тарапынан жол мен инфрақұрылым салу жұмыстары басталғанымен аяқталмай қалды. 2016 жылы «Железнодорожный» тұрғын үй алабында, Байырқұм көшесіндегі ұзындығы 5 шақырымды құрайтын жолда құрылыс жұмысы басталып, асфальт төселді. Бірақ, жол ашылған жоқ. Бұл елді мекен тұрғындарына қолайсыздық жасап, үлкен кейістік туындатады», - деді Ә.Сәрсембаев.

Сонымен қатар аталған тұрғын үй алаптарында суық пен желден қорғайтын қоғамдық көлік аялдамалары жетіспейді. 4 жылы және 16 желден қорғайтын павильон қажет. Алматы ауданының «Мичурино», «Интернациональный», «Күйгенжар» тұрғын үй алабында көшелерді жарықтандыру және сумен жабдықтауда да проблема бар.

Соңғы жаңалықтар