Әділбек Мусин жүзуден Ресейдің ашық чемпионатының жартылай финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазанда жүзуден Ресей ашық чемпионаты жалғасуда. Күндізгі бағдарламада 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден іріктеу кезеңі өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан атынан сынға түскен Әділбек Мусин аталған қашықтықты 00:52.66 уақыт көрсеткішінде жүзіп өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Ол іріктеу кезеңін өз тобындағы екінші орынмен аяқтаған. Жартылай финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 21:59-да өтеді.



Соңғы жаңалықтар