Әділ Нұрғожин Қазақстанда венчурлық қаржыландыруды дамытудың ерекшеліктерін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ҰБХ басқарушы директоры Әділ Нұрғожин Қазақстанда венчурлық қаржыландыруды дамытудың ерекшеліктерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Венчурлық инвестиция - барынша өзгеше құрал және әлемде инвестициялардың не бәрі шамамен 1 пайызы ғана осынау нақты салаға бағытталған. Бұл тәуекелі өте жоғары инвестиция. Оларды дамыту үшін көп уақыт керек. Бірақ, оларсыз жаңа индустрия да болмас еді. Facebook-те, Интернет те, Кремный алқабы да болмайтын еді. Еліміздің бұл процеске қатысу не қатыспау үшін таңдау жасауға да мүмкіншілігі жоқ. Мәселе қалай жылдам, қалай тез, қалай тиімді жүзеге асыру төңірегінде болып тұр. Артта қалып қоймау үшін қатысуға тиіспіз», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан қазірдің өзінде бұл компонентті дамытуда артта қалып отыр. Осы ретте ол Қазақстанда венчурлық капитал үшін нақты не база бола алатындығын айтып берді.

«Қазақстанның базалық экономикалық салаларға негізделу қажет. Бұл: тау-кен метталургия кешені, мұнайды қайта өңдеу, агросектор үшін барлық технологиялық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып терең өңдеу және елімізде үлкен проблема болып отырған логистика. Технологиялық шешімдер ғана тиімді бола алады. Ал онсыз қазіргі уақытта венчурлық индустрия жасау мүлдем мүмкін емес», - деді спикер.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы венчурлық қорлардың тиімді дамуына қатысты айтылған сындарға орай пікір білдірді. Оның айтуынша, ғылымның дамуы бір сәттік кіріс әкелмеуі тиіс. Бұл болашақтың ісі.

«Технологиялық даму ұлттық агенттігіне қатысты, гранттарды игеруге, аталған гранттарға мемлекеттік салымдардың тиімсіздігіне қатысты өте көп сын болды. Бұл жерде мынадай қарапайым шындықты түсіну қажет - Ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері немесе жоғары оқу орнының профессоры еш уақытта бизнесмен болмайды. Және ТДҰА ғылым мен қолданбалы зерттеулерді қолдады. Қолданбалы зерттеулердің нарыққа көшу процесі - бұл мүлдем басқа процесс. Ал бұл жерде бизнесмендер қажет. Бұл мәселермен біз айналыспайтындай жағдай жасадық. Яғни, нарықтық тетіктерді, аталған қызметпен күн сайын айналысатын кәсіби басқарушы компанияны тарттық. Олар компанияларды тауып, оларды өсіреді, оларға инвестиция салады. Одан кейін оны сатып, ақшаны қайтарады», - деді Әділ Нұрғожин.

Холдингтің басқарушы директоры қазіргі уақытта QazTech Ventures компаниясында байыпты трансформация жүргізілгендігін, нәтижесінде қызметтің барынша тиімді бағытта анықталғанын айтты.

«Қазіргі уақытта QazTech Ventures штатын қысқартты. Бұрын онда шамамен 130 адам жұмыс істейтін. Олардың басым бөлігі қағаз жұмыстармен, гранттарды әкімшілеумен айналысатын. Бұл жұмыстардың барлығынан арылып, агенттіктің адами ресурстарын 3 есе қысқарттық және 3 нарықтық құралға назар аудардық. Олар: нарықпен бірге венчурлық қор құру, экожүйенің қазіргі нарықтық ойыншыларын қолдау және даму мен трансформацияны қалайтын технологиялық консалтинг компания», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар