Әділ Қаукенов: Парламент сайлауы қазақстандықтардың популизм вирусынан ада екенін көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламенттің биылғы сайлауы қазақстандықтардың популизм вирусынан ада екенін көрсетті. China Center Қытай зерттеу орталығының директры Әділ Қаукенов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен сайлаудың қорытындысы туралы айта келе бұл айтарлықтай біздің қоғам үшін, Қазақстан қоғамының кемелденуі жолында емтихан болды десек те болады. Атап айтқанда оған екі үлкен фактор әсер етті: біріншіден, сайлау Мемлекет басшысы бастаған ауқымды реформалар кезінде өткізіліп отыр. Сонымен бірге елде тағы бірқатар демократиялық қадам жасалғанын атап өту керек. Сондықтан Қазақстан қоғамы бұл реформалардың өзін қалай бағалайды? Ары қарай не болады? Халықтың көбі консервативті көзқараста ма, әлде жаңа реформаларды күте ме? Осы ретте сайлаудың өзі «Nur Otan» партиясының көп дауыс алуы – бағдардың дұрыс екенін көрсетті», - деді Әділ Қаукенов елордада өткен «SAILAU-2021: Парламент сайлауының алдын ала қорытындылары» атты сараптамалық талқылауда.

Оның айтуынша пандемия қоғам мен биліктің алдына көп сынақ қойған.

«Пандемия күнделікті өмірімізге қаншалықты өзгеріс енгізгенін аңғара беріңіз. Басқа елдердегі сайлауларға қарайтын болсақ, ол мемлекеттерге де пандемияның қалай әсер еткенін көріп отырмыз. Антиэпидемиялық шаралардың тиімділігі жағынан Қытайдағы билеуші коммунистік партияға деген сенім бұрын соңды жетпеген рекордтарды көрсетуде. Оның жанында алпауыт саналатын АҚШ пандемияның салдарынан бұған дейін көрмеген теңдессіз дағдарыстарда бастан кешірді. Яғни америкалықтар бәрін еңсереді деген пайым-түсінік болғанымен, өмірдің өзі популизм бағдарының заманы өткенін көрсетеді», - дейді ол.

Әділ Қаукенов осы себепті кавалеристік алып қадаммен мәселенің бәрі реттеледі деген түсініктен аулақ болу керектігін айтады.

«Даму мен оқу процесі – күнделікті әрі тұрақты жұмыс. Осы ретте біздің сайлаудың сау әрі оптимистік атмосферада өтуі – қазақстандықтардың популизм вирусынан ада екенін көрсетті», - дейді Әділ Қаукенов.


Соңғы жаңалықтар