Әдеп кодексінің нормаларын сақтау тақырыбында семинар-кеңес өтті

None
Фото: udp-rk.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасы орталық аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алқалы жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Айдын Шахмерденов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Таңсила Мұздыбекова арнайы шақырылды.

Маңызды іс-шараға сондай-ақ Іс басқармасына қарасты Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Медициналық орталықтың қызметкерлері және басқа да ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.


Басқосуда сөз алған ҚР ПІБ аппарат басшысы Мұрат Дәрібаев мемлекеттік қызметші қашанда сыпайылық пен әдептілік танытып, өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға тиіс екенін атап өтті.

Ал ҚР ПІБ Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлнар Чикинаева ұжымда өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметте іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық нормаларын сақтау тақырыбына тоқталды.


Соңғы жаңалықтар