Әдеп кодексін бұзған 30 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 200-ге жуық мемлекеттік қызметші әдеп кодексінің нормаларын бұзған. Олардың 30-ы жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте өткен комиссия жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Жауапқа тартылғандардың басым бөлігі - Түркістан және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері. Статистикалық мәліметтерге үңілсек, 2015 жылмен салыстырғанда мұндай оқиғалар саны 40 пайызға төмендеп отыр. Бірақ қоғам тарапынан түсетін шағымдар көбейген.

«Былтырғы сауалнама бойынша, биыл агенттікке түскен шағымдардың саны айтып отыр. Азаматтардан  келген шағымдар 45 пайызға өскен. Олардың шағымдарының арқасында әрбір мемқызметкер тарапынан болған бұзушылықтар ешқайсысы жасырын қалмайды»,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Равиль Төлебаев.

Соңғы жаңалықтар