Адендегі Президент сарайының алдында атыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Йеменнің экономикалық орталығы Адендегі президенттік сарайдың алдында қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Jazzers телеарнасына сілтеме жасап.

Атыс салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар. Әзірге белгілісі, қақтығыс президенттік сарайдың күзеті «Эль Маашик» пен қарулы милиция жасақтары бірінің сарбаздарының арасында болған.

Al Jazeera мәлім еткендей, кемінде үш әскери қызметкер оққа ұшқан. Олардың біреуі ауыр халде жатыр.

Аденнің қақ ортасындағы қарулы қақтығыстың себептері мен жай-жапсары аталмай отыр.


Соңғы жаңалықтар