Әдемі әрі қауіпті көрініс: Гирлянда мен петарданы қалай дұрыс жағуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отшашу мен салют ату әдемі көрінеді, алайда олар қауіпті. Ал шыршалар, әсіресе жасандылары тез жануға бейім. Елордалық құтқарушылар азаматтарға петарда ату және иллюминация орнату кезіндегі қауіп-қатер туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңажылдық шырша тұрақты негізде орнатылуы және үйден шығуға кедергі келтірмеуі тиіс, ал оның бұтақтары қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр қашықтықта, жылыту аспаптарынан алыс болуы керек.

Тек сәйкестік сертификаты бар электр гирляндалары мен иллюминацияларды сатып алыңыз. Гирлянданы таңдағанда, қуаты аздауын алуға тырысыңыз.

Себебі, шамдардың қуаты неғұрлым аз болса, олар шығаратын жылу соғұрлым аз болады, демек, өрт қаупі де төмен.

Иллюминация немесе гирляндада ақау шықса (сымдардың оқшауламасының қызуы және зақымдануы, ұшқындау және басқа), оны дереу тоқ көзінен ажыратыңыз.

Егер үйден шығып бара жатсаңыз немесе ұйықтамақ болсаңыз, гирлянданы ешқашан қосулы қалдырмаңыз.

Балаларға үлкендердің қарауынсыз шырша жанында бенгал шамдарын жағуға және шартылдақтарды пайдалануға рұқсат етпеңіз.

Шыршаны безендіру мақсатында жанып тұрған шамдарды пайдаланбаңыз.

Пиротехникалық бұйымдарды үй ішінде пайдаланудан мүлдем бас тартыңыз.

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ:

• егер білтесі күйіп немесе жанып кетсе, ал отшашу атылмаса:

• онда бықсып тұратын бөліктері жоқ екеніне көз жеткізу үшін отшашуға (петардаға) жақындамаңыз;

• отшашудың (петарданың) жарылмайтынына көз жеткізу үшін кемінде 10 минут күту керек;

• ешбір жағдайда отшашудың (петарданың) үстінен еңкейіп қарауға болмайды, барлық әрекетті қолсозым жерден жасаған жөн.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Пиротехниканы жылыту аспаптарының (батареялардың, газ және электр плиталарының және т.б.) жанында сақтауға, тұтанғыш бұйымдарды шалбар, көйлек және пиджак қалталарына салуға болмайды.

Пиротехниканы ату үшін іске қосушы санаулы секундта қауіпсіз қашықтыққа (бұл кемінде 10-15 метр) кетуі тиіс.

Пиротехникалық бұйымды іске қосу кезінде нұсқаулықта көрсетілген радиуста ағаштар, тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар жоқ екеніне көз жеткізу қажет.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

петарда, отшашу, салюттерді және басқа да бұйымдарды үй ішінде, балкондар мен лоджиялардан, тұрғын және шаруашылық құрылыстардың, жаңа жылдық шыршалардың жанында ұшыруға тыйым салынады.

Балалар мен жасөспірімдерге тек үлкендердің бақылауымен отшашуларды, петардаларды, түрлі зымырандарды іске қосуға, шартылдақтарды атуға, бенгал оттарын жағуға болады.

Өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қауіп төндірмеңіз! Егер жазатайым оқиға орын алса, дереу «101» телефонына хабарласыңыз.


Соңғы жаңалықтар