Аделаида Пчелинцева жүзуден Қазақстан рекордын тағы да жаңартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аделаида Пчелинцева жүзуден азғантай уақыт ішінде еліміздің екі рекордын жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы 50 метрге брасс әдісімен жүзуден тағы бір рекордын тіркеді. Алдымен Ақтөбеде өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде көзге түскен Пчелинцева кейін Ресей чемпионатында өз шеберлігін дәлелдеді.

Жартылай финалда Аделаида 50 метрді 31.63 секундта жүзіп өтіп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Сондай-ақ, финалда бақ сынап, 8-ші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар