+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты – Тоқаев

2019 жылғы 4 қыркүйек 10:10
Бөлісіңіз:
Әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты – Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Көкшетауда жылу электр орталығын салуды тапсырды Ақмолада өнеркәсіп саласындағы өсім 103 пайызға жетті Тоқаев ауыл халқының мал жаятын жер таппай отырғанына алаңдаушылық білдірді

«Құрметті қаламгерлер, жазушылар! Құрметті қауым! Ең алдымен баршаңызды осы форумға келгендеріңізге, қатысқандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілуде. Біздің халқымыз рухани мұраларын сақтап, ұлттық тарихын зерттеуге , мәдениетін жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән береді», - деді форум жұмысын ашқан Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл берік ұстаным Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жаңа сипат алып отырғанын баса айтты.

«Қазақ әдебиеті халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан асыл қазына. Тұтас түркінің ортақ мұралары Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жырлары мен Қорқыт ата кітабы әдебиетіміздің түп тамыры. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи сынды ұлы тұлғалардың еңбектері ислам дәуірінде түркі жұртын бүкіл дүниеге танытты. Алтын орда заманындағы жыраулық поэзия дәстүрі өз жалғасын тауып келеді. Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты. Оның шығармалары жалпы адамзатқа ортақ рухани жауһарлар»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT