«Әдебиет порталы» - кәсіби ақын-жазушылар мен жас авторлар үшін бірегей коммуникациялық әдеби алаң - Н. Әшім

None
None
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Әдебиет порталы» тек онлайн кітапхана ретінде ғана емес, кәсіби ақын-жазушылар мен жас авторлар үшін де бірегей коммуникациялық әдеби алаң болып табылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Әдебиет порталының» тұсаукесер рәсімінде «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нартай Әшiм мәлімдеді.

Оның айтуынша, жас авторлар шығармашылығының әрі қарай дамуына ақпараттық қолдау көрсету мен ілгерілету мақсатында арнайы «Жас авторлар мінбері» айдары құрылған.

«Қазақстандық жастар шығармашылығының өзіндік дамуын жүзеге асыру мақсатында Портал бетінде барлық зиялы қауымның қызығушылығын арттыратын «Ашық мінбер» бөлімі блог ретінде орын алған», - деп атап өтті Н. Әшім.

Сондай-ақ, «Аударма», «Мазмұн», «Хат», «Иллюстрация» және «Поэзия әлемі» жобалары шеңберінде белсенді түрде әлемдік шығармаларды қазақ тіліне аудару және қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару, ұлы адамдардың құнды да асыл хаттарымен танысу, танымал әдеби шығарманың қысқаша мазмұнын жазу, сонымен қатар, сүйікті өлеңді мәнерлеп оқу мен әдебиетте иллюстрацияны - жаңаша бір қырынан қарауға қол жеткізеді. Сонымен қатар, «Әдебиет порталы» «Балалар әдебиеті» бөлімін қолға алып, балалардың назарынан тыс қалмауды мақсат етіп отыр.

Бұдан басқа да Порталда тағылымды дәйексөздерді табуға, әдеби журнал оқуға, сүйікті кейіпкер жайында білуге және мәдениет қайраткерлерімен, ақын-жазушылармен өткен сұхбаттарды оқып, аудиокітаптар тыңдауға болады.

«Әдебиет порталы» - әдебиетті жоғары бағалайтын кітап жанашырлары, иллюстрациялаушылар, баспалар және авторлар мүддесін көздейтін платформа ретінде танылады. «Әдебиет порталы» осының барлығына қол жеткізетін үлкен перспективалық онлайн-платформасына айналып отыр», - деп атап өтті Н. Әшім.

Соңғы жаңалықтар