Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

2018 жылғы 7 желтоқсан 09:09 649
Бөлісіңіз:
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының қаулысымен, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. ҚазАқпарат Елбасы қаулысының мәтінін жариялайды. 

Ұқсас жаңалықтар
Астанада ұлттық киім кигендер музейге тегін кіреді Алматы халық музыкалық аспаптар музейіне Шәкәрімнің домбырасы берілді

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке - «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар  жинағы үшін;

2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға - «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;

3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке - «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;

4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға - «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа - «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT