+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының азиялық баламасы бекітілуі мүмкін

2019 жылғы 4 қыркүйек 09:26
Бөлісіңіз:
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының азиялық баламасы бекітілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келешекте әдебиет бойынша Нобель сыйлығының құрлықтық баламасы – Үлкен Азия сыйлығы тағайындалуы мүмкін. Мұндай жаңалықты елордада өткелі жатқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумы алдында Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар  Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған спектакльді тамашалады Түлкібаста жергілікті ақын мен жазушының кітаптары жарық көрді Елордада «Әбіш әлемі» атты шығармашылық байқау өтеді

«Бұл форумда үш жылда бір рет Азияның бір мемлекетінде осындай жиын өткізу туралы ұсыныс айтылады. Сонымен қоса, Азия кеңістігінің, құрлығының өзінің Нобель сыйлығы сияқты – Үлкен Азия сыйлығын тағайындау мәселесі талқыланады. Бүгін эстафетаны бір елге беруіміз мүмкін», - деді Ұлықбек Есдәулет тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ұлықбек Есдәулеттің айтуынша, әлем елдерінен келген ақын-жазушылар да бүгінгі форумда өз ұсыныстарын ортаға салады.

«Осы форумның қорытындысында екі томдық антология жарық көреді. Біз барлық қатысушылардың баяндамасын жинап, сегіз тілге аударамыз. Көркем шығармаларын жинап, антологияға қосу – екінші мәселе. Осы ғимаратқа кірген бетте Азия әдебиетінің көрмесі жасақталды. Азияның кітаптарының Қазақстан астанасының төрінде шоғырлануының өзі – Азия елдерінің ақын-жазушыларының ынтымағын, бірлігін аңғартады деп есептеймін», - деді Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы.

Айта кетсек, санаулы сәттерден кейін елордада Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталады. Ауқымды шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуы күтіліп отыр. ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауыман өтетін шара 4-6 қыркүйек күндеріне жоспарланған. Форумға Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN сыйлықтарының лауреаттары, жазушылар одақтары мен қауымдастықтарының төрағаларынан құралған 90 қонақ келеді деген жоспар бар.

Форумға келе жатқан 70-тен астам ақын-жазушының бәрі де өз елінде ең танымал тұлғалар деуге болады. Солардың арасында Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері, бейжіңдік жазушы, қандасымыз Әкбар Мәжит те бар. Жалпы бұл форумға Қытай өзінің үш жазушысын жіберіп отыр. Ирандық Сайид Ходи Киесари де парсы әлемінде көзі тірі жазушылардың ең танымалы саналады. Ресейден Анатолий Ким бастаған 5 әдебиетші, Үндістаннан «Дурбапутра» романының авторы Амар Митра, Малайзиядан ғалым-ақын Мухамад Саллех, Вьетнамнан «Тексіз адам тарихы» кітабының авторы Хуан Дук сияқты танымал әдебиет өкілдері қатысады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT