Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын француз жазушысы Анни Эрно алды

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын автобиографиялық кітаптарымен танымал француз жазушысы Энни Эрно алды. Ол бірнеше жылдан бері сыйлық фавориттерінің бірі болып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Эрноның ең танымал кітаптарының бірі «Оқиғада» 1963 жылы Францияда түсік жасату заңға қайшы болған кезде жазушының жүктіліктен қалай құтылғаны жайында баяндалады.

Өткен жылы режиссер Одри Диванның осы кітап желісімен түсірілген фильмі Венеция кинофестивалінде «Алтын арыстан» жүлдесін жеңіп алды.

Биыл букмекерлік фавориттер тізімінде көп нәрсе өзгерген жоқ, оған Эрнодан басқа француз жазушылары Мишель Уэлбек пен Мариз Конде, жапон Харуки Мураками, ақын Энн Карсон және канадалық жазушы Маргарет Этвуд кірді.

Биыл көп жылдан бері келе жатқан тағы екі үміткерге көңіл бөлінді.

Олар жақында шабуыл жасалған британдық жазушы Салман Рушди мен орыс жазушысы Людмила Улицкая.

Соңғы жаңалықтар