Адамзаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету керек - Қытайдың вице-премьері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Хань Чжэн жалпыға бірдей экономикалық даму үшін Қытай тәжірибесі мен ресурсын бөлісуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайда халық саны 1,4 миллиардқа жетті. Бұл әлемдегі ең үлкен адами капитал. Кешенді дамудағы ауқымды ілгерілеу мен экономикалық дамудың елеулі перспективалары әлемдік экономикадағы тұрақты драйвер ретінде Қытайдың рөлін белгіліп отыр. Біз осы мүмкіндіктермен бөлісуге әзірміз. Бұл өз кезегінде бірлесе даму мүддесі тұрғысында маңызды», - деді ол Астана экономикалық форумы барысында.

Осы орайда ол ашық ынтымақтастық арқылы әлемдік экономиканың тұрақты өсімін бірлесе қамтамасыз ету мүмкіндігіне тоқталды.

«Біз әлем елдерімен экономикалық либерализация және экономикалық жаһандануды қолдау тұрғысында бірлесе әрекет етуге дайынбыз. Бұл ретте қуатты, теңдестірілген өсімге екпін қойылады», - деді ҚХР өкілі.
null

Бұдан бұрын хабарланғандай, АЭФ аясында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард әлем экономикасының дамуына қатысты пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар