Адамзат екпені тоқтатса, жұқпалы аурудан жаппай қырыла бастауы мүмкін - профессор Харит Сусанна

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Адамзат «екпе» деген есірткіге отырғанына 100 жылдай болды. Енді оны тоқтатса, жұқпалы аурудан жаппай қырыла бастауы мүмкін. Екпенің маңызы мен қажеттігі туралы осындай пікірді бүгін Алматыда өткен халықаралық конференцияда Ресейден келген профессор, медицина ғылымдарының докторы Сусанна Харит білдірді.

«Осыдан 100 жыл бұрын бүкіл адамзаттың денсаулығын қорғау үшін екпе жасала бастады. Содан бері адамзат екпеге тәуелді бола бастады. Ендігі кезекте бұл үрдісті тоқтатсақ, адамдар жұқпалы аурулардан жаппай өле бастайды. Еуропа мұны әлдеқашан дәлелдеді. Біз кезінде жұқпалы аурудан өлуге тиіс адамдарға өмір сыйлаған болатынбыз. Енді олардан туған ұрпақта инфекцияға бейім ген бар. Олар да міндетті түрде екпе алмаса, жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін», - деді ол.

Маманның айтуынша, Қазақстан жұқпалы аурулардың профилактикасы тұрғысынан Еуропаның дамыған елдерімен қатар келеді.

Майнце қаласында (Германия) Иоганн Гутенберг атындағы Университеттің педиатрия департаментінің профессоры Джозеф Шмидт Қазақстанның Үкіметінің халық денсаулығын қорғауға, әсіресе профилактикаға аса мән беретінін атап өтті.

«Қазақстан Үкіметі халық денсаулығын қорғауға үлкен инвестиция бөледі. Оның басты көрінісі осы екпе. Өйткені, ол ең маңызды, ең тиімді көмек болып табылады», - деді профессор Шмидт.

Соңғы жаңалықтар