Адамзат цифрлық технология тұтқынына айналды - VOX

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әдебиетте «технологиялық утопия» деген жанр бар.

Vox басылымының жзауынша, бұл идея интернет пайда болған алғашқы күндері шыққан. Оның басты сенімі - ғылым мен техника дамыған сайын адам бақыттырақ әрі тәуелсіз болады. Дегенмен, «Team Human» кітабының авторы, Нью Йорктегі Квинс колледжінің бұқаралық ақпарат құралдары теоретигі Дуглас Рушкофф бұл идеяға қарсы шығып, технология әлеуметтік прогреске апармайтынын алға тартты.

«Адамзат тұтынушылық демократияда өмір сүреді. Қазіргі технологиялар адамдарды қамап тастады. Цифрлық технология тек ресурс пен капиталға ғана негізделмеген экономиканы құруға мүмкіндік берді. Дегенмен, одан еш нәтиже шықпады. Технология адамдардың қалағанына қол жеткізуге көмектесетін құралға емес, адамзаттың басты қалауына айналды», деп жазады автор.

Оның айтуынша, адамзат технологияның тұтқынына айналған.

«Цифрлық технологияға қатысты бүгінгі көзқарас өркениетті құрдымға жібереді», дейді автор.

Соңғы жаңалықтар