Адамның спорттық қабілетіне генетиканың әсері бар ма - ВВС Earth

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның белгілі бір қабілеттері мен ерекшеліктеріне генетиканың әсер ететіні, оның генмен берілетіні белгілі. ВВС Earth басылымында жарияланған мақалада спорттық қабілеттерге генетиканың әсері туралы сөз болып, автор әлемдегі ең мықты спортшылардың құпиясын анықтауға тырысыпты.

«Усейн Болт өте жылдам жүгіреді. Ал Майкл Фелпстің ұстазы мықты ма, әлде оның жүзудегі ерекше қабілеті мен құштарлығы генмен берілді ме? Генетикалық тестілер адамның спорттық өнімділігін анықтап бере ала ма?», деп жазады автор.

Мақала авторы кез келген жағдайда тәжірибенің көп рөл атқаратынын айта келе, спорт түрін таңдау үшін әсер ететін одан басқа да көптеген факторлар болатынын алға тартады. Тіпті, адам туғанынан-ақ сол спортқа бейім болуы да мүмкін емес пе? Дегенмен, спорттық қабілеттердің генетикалық ақпаратта сақталу мүмкіндігі жай идея ретінде де ғылым үшін қызық болып отыр.

«Әр адамда оған әртүрлі әсер ететін ДНҚ құрылымы болады. Дегенмен, ДНҚ адамға әсер етпей қоймайды. Яғни, генетиканың бейімділігін анықтау арқылы адамның физикалық қабілеттерін де білуге болады. Бірақ генді тексеру қымбат тұратындықтан, оған екінің бірінің қолы жете бермейді», делінген мақалада.

Бұдан бөлек, автор адам денесінің үш типі бар екенін және оның әрқайсысы физикалық дайындық пен диеталарды әртүрлі қабылдайтынын айтады. Яғни, автордың сөзіне қарағанда, табысты спортшыға айналу үшін дайындықты осы типтерге сәйкестендіріп жүргізу керек.

«Мықты спортшы болу үшін ДНҚ туралы білу аздық етеді. Дегенмен, көп жағдайда әр спорт түріндегі тәжірибе деңгейі мен техника арқылы сіз өзіңіздің генетикаңызға сай келетін жаттығуларды анықтай аласыз», деп түйіндейді автор. 

Соңғы жаңалықтар