Адамның миы газдалған сусындардың әсерінен өзгереді

None
None
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Тәтті газдалған сусындарды жиі және ұзақ уақыт бойы қолдану миды айтарлықтай өзгеріске ұшыратуы мүмкін, деп жазады The Daily Mail. Зерттеулер көрсеткендей, сусындар мидағы жүздеген ақуыздарды өзгерткен. Осыған ұқсас өзгерістер қатерлі ісіктен бастап Альцгеймер ауруына дейін түрлі ауруларда байқалады.

Сарапшы Джейн Франклин былай деп түсіндіреді: «Батыста газдалған сусындарды тұтыну қаупі жоғары. Кейбір ересек адамдарда калория үлесі тәтті сусындардан келіп түседі. Егер сусап тұсаңыз, дұрысы, су ішіңіз».

Жүрек ұстамалы ауруы, диабет, салмақ қосу, сүйектердің әлсіздігі, асқазан қатерлі ісігі, бұлшықеттің әлсіздігі, сал ауруы - осының бәрі газдалған сусынды көп пайдаланудың зардабынан. Енді оларға ми өзгерісі де қосылды.

Сидней университетінің зерттеушісі Франклин бір ай бойы тәтті сусын мен жай су ішкен егеуқұйрықтарды бақылады. Қорытындысында, кеміргіштердің бірінші тобының белсенділігі артып, миларындағы шамамен 300 ақуыз мөлшері өзгерген.

Соңғы жаңалықтар