Адамның адамшылығы ата-ана мен ұстаздардан басталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Әйел - өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Нәзік жандылардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі жаһандану кезеңінде әйелдер адамзат ұрпағын жалғастырушы ғана емес, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Нәзік жандылардың атқарушы билікте жемісті еңбек етіп қана қоймай, қандай қызметте болсын абырой мен табыс биігінен көріне отырып, уақыт көшінен қалмай, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен өнер салаларында дамуына зор үлес қосып келеді. Сондай жандардың бірі - әр кез сертіне адал, төзімді, курсанттарын отансүйгіштікке тәрибелеп, білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаз Көкшетау техникалық институтының жалпытехникалық тәртіп, ақпараттық жүйе және технологиялар кафедрасының доценті, өртке қарсы қызметтің подполковнигі Гүлжан Хасанова.

Бүгінгі таңда ол химия және өрт сөндіру процесстерінің теориялық негізі бойынша курсанттарға дәріс беруде. Оның осы бағытта жоғары білім ордасында жұмыс істеп жатқанына биыл 19 жыл болады. Осы санаулы уақыттың ішінде ол институттың ішінде зор беделге ие болып, шәкірттерінің алғысына бөлінуде. Шәкірттерінің алды қазір еліміздің әр түкпірінде өрт сөндіру қызметін абыроймен атқаруда. Мұны ұстаздың шәкіртінің санасына институт қабырғасында құйған терең білім мен тәрбиесінің арқасында деуге болады.

«Өрт сөндіру қызметін негізінен ер балалар таңдайды. Сондықтан еліміздің болашақ өрт сөндірушілерін тәрбиелеп шығару - әйел ұстаздары үшін үлкен ерлік. Еліміздің осындай болашақ ұрпағын тәрбиелеп, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосып жатқаныма қуанамын. Ұстаз болғаныма еш уақытта өкінбеймін. Қазір менің де жолымды қуған шәкірттерім де бар», - дейді Гүлжан Хасанова.

Осы орайда ұлы Абайдың «Адамның адамшылығы ата-ана мен ұстаздардан басталады» деген сөздері еріксіз ойға оралады. Үнемі ізденісте жүретін оның бүгінгі күні күндізгі және сырттай бөлімде оқитын курсанттарға арналған 20-дан астам әдістемелік нұсқалар мен оқулықтары жарық көрген.

Соңғы жаңалықтар