Адамды жасартатын тағамдар белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Американдық университеттер мен Еуроодақ ғалымдары адам ағзасын жасартатын тағамдардың тізімін жасады.

20-ға жуық тағамнан тұратын тізім адам ағзасының қартаюына биохимиялық ықпал ету жайындағы соңғы ғылыми жаңалықтардың негізінде жасалды.

Қара шоколад, шай, кофе, алма, қарақат, қара өрік, броколи, шие, қызанақ, анар, апельсин, шабдалы, таңқурай, қызыл жүзім, қызыл пияз, құлпынай ағза жасушаларының өмір сүру уақытын ұзартады. Мамандардың айтуынша, ет, балық, сүт, жармалар ағзаға қажетті май мен минералды заттар береді.

Ал, жартылай фабрикаттар, тәтті тағамдар, қуырылған тамақ, тұз, энергетикалық ішімдіктер адам ағзасының тез қартаюына ықпал ететіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Соңғы жаңалықтар