Адамдарға жақын мекендеп жүрген ілбіс инспекторлар қадағалауында - ұлттық парк

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақсай филиалында ілбіс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қар үстінде аяңдаған жануардың видеосы ұлттық парктің Instagram-парақшасында жарияланды.
«Ұлттық парк аумағын ілбіс бұрыннан мекен ететіні белгілі. Осыған орай былтырдан бері Ұлттық парктің ғылыми зерттеу қызметкері мен Ақсай филиалының аңтанушы-биолог маманы Ақсай филиалында зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ұлттық парк пен Зоология институты арасында ғылыми әріптестік келісімшарты негізінде жұмыстар атқарылады. Ақсай сайында адамдарға жақын мекендеп жүрген ілбіс (барыс) мемлекеттік инспекторлардың қадағалауында», - делінген жазбада.
Бұған дейін Териология зертханасының меңгерушісі, Зоология институтының қар барысы мониторинг орталығының басшысы Алексей Грачев Іле Алатауында өмір сүретін 40 қар барысының 23-і Алматыдан 30 шақырым жерде, бесеуі қаланың Бостандық және Медеу аудандарының аумағында мекендейтінін айтқан еді.



Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар