Адамдардың 95%-ы вакцина алмаса, біз пандемияны тізгіндей алмай қаламыз – француз эпидемиологы

None
None
БОЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция үкіметіне кеңес беретін денсаулық сақтау саласындағы ғалымдар тобы халықтың 95%-ын вакциналау керек екенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Француз мамандары COVID-19-дың дельта-нұсқасының таралуын тоқтату үшін ел тұрғындарына екпе салу керек деп санайды.

«Дельта-нұсқамен байланысты пандемияның төртінші толқыны тез таралып, вакциналаудың қазіргі жоғары деңгейіне қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіне шығын келтіруі мүмкін», - деді ғылыми кеңестің өкілдері француздық БАҚ-қа.

«Адамдардың 90-нан 95 пайызына дейін вакцина алмаса немесе инфекция жұқтырған болмаса, пандемияны қадағалай алмай қаламыз», - деп қосты мамандар.

Қазіргі кезде Франция тұрғындарының жартысына жуығы вакцинаның бірінші дозасын, 40%-ы екінші дозасын алған. Республика үкіметі осы жылдың тамыз айының аяғына дейін Франция халқының үштен екісін – 35 млн тұрғынды толық қорғауды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Карантинді жеңілдету бойынша шаралардан кейін Францияда жұқтыру жағдайларының өсуімен байланысты ел президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні пандемиямен күрестің жаңа шаралары туралы хабарлайды деп күтілуде.

Францияның ғылыми кеңесі алғаш рет Үндістан, Англия, Шотландия, Ирландия және Португалияда анықталған дельта-нұсқаның таралуын қадағалауды күшейтуге шақырды.


Соңғы жаңалықтар