Адамдар жарылғыш зат туралы жалған хабарламаны не үшін жасайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама үшін сотталғандардың жартысы қылмысты мас күйде жасаған. Бұл туралы ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телефонмен жарылғыш зат туралы хабарлайтын бұзақылар оның салдары қаншалықты ауыр екенін ойламайды да. Мысалы, адамдар үрейленіп, даурыққанда бір-бірін итеріп, соның салдарынан ата-аналар баласынан адасып қалуы мүмкін. Олардың арасында жүкті әйелдер, мүгедек адамдар болатын кездер де орын алған», - деді еді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, жүргізілген талдауға сәйкес, мұндай қоңырауларды адамдар еріккеннен, әзіл ретінде немесе мас күйде жасайды.

«Себептері де әр түрлі, олар: кек алу, бұзақылық, мекеменің жұмысына кедергі келтіру, мектептегі сабақты болдырмау, құқық қорғау органдарының жұмысын тексеру. Кәмелетке толмағандар мұндай қылмысқа не үшін барады? Олар достарының арасында өзін батыр екенін көрсеткісі келеді, кейбірде үй тапсырмасын орындамағандықтан сабаққа қатыспау үшін осылай істейді. Мысалы, статистикаға сәйкес жалған хабарламалар бергені үшін сотталғандардың 48-ден 55 пайызға дейіні қылмыс жасаған сәтте қатты мас болған», - деді Дархан Разуев.


Соңғы жаңалықтар