Адамдар арасындағы үйлесімділік исламдағы басты құндылық болып табылады - Ян Чжибо

None
None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қытайдың мұсылмандар қауымдастығы елдегі 22 миллион мұсылмандар атынан Қазақстанға жаңа жетістіктер тіледі.Бұл тілекті  Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі аясында өтіп жатқан секциялық отырыстың барысында Қытайдың Ислам қауымдастығы төрағасының орынбасары Ян Чжибо жеткізді,


 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Қытайда мұсылман діні өте кеңінен тарай бастады. Қазіргі уақытта елде 40 мыңға жуық мешіт салынды. Бүгінде елімізде 22 миллион мұсылмандық жолын ұстанған азаматтар бар және олар басқа діндердің жолын қуған адамдармен үйлесімділікте, өзара келісімде өмір сүруде. Осы орайда айтарым, ислам діні бейбітшілікке үндейді және қатыгездікті ешқашан насихаттамайды. Адамдар арасындағы үйлесімділік исламдағы басты құндылық болып табылады»,- деді Ян Чжибо.

Соңғы жаңалықтар