Адамдар арасында вакцинаға қатысты қандай үрей бар – cарапшы түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғындар арасында COVID-19 -ға қарсы вакциналар коронавирус індетін тудырады деген үрей бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар арасында COVID-19 -ға қарсы вациналар індет тудырады деген әлі де үрей бар. Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирусы жоқ. Демек, вакцинадан кейін сізді COVID-19 ауырына шалдықтыра алмайды», - деді М. Смағұл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол кңез келген екпе сияқты COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналарда да жанама әсерлер болуы мүмкін.

«Олардың көпшілігінде жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді», - деді Манар Смағұл.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.


Соңғы жаңалықтар