Адам ұрлау күдігіне іліккен қазақстандық Беларусьтен экстрадацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Беларусьтен адам ұрлау күдігімен халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық экстрадацияланды. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері Белорусьтен Владимир Тургуновты экстрадациялады. Ол қару қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасау, адам ұрлау және 100 млн теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастыру күдігіне іліккен. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған», - делінген ведомство ақпаратында.

Бас прокуратура мәліметінше, қзіргі уақытта В. Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Соңғы жаңалықтар