Адам ұрлады деген күдікті әйел Әзербайжаннан Қазақстанға әкелінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратура және Астана ішкі істер департаменті қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Әзербайжаннан күдікті Ирада Рустамованы экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Әйел топпен алдын ала сөз байласу арқылы күш қолдану жолымен мүлкін бопсалап алу мақсатында адам ұрлады деген күдікке іліккен. Қылмыс былтыр Астанада болған.

Қылмыстан кейін күдікті ізін суытып, қылмыстық іздестіру органдарынан жасырынған. Осыған байланысты, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі кезде Рустамова Астананың тергеу оқшаулағышына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар