+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Адам терісінен жасалған кітап елордадағы көрмеге қойылады

2019 жылғы 18 сәуір 14:07
Бөлісіңіз:
Адам терісінен жасалған кітап елордадағы көрмеге қойылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 24-27 сәуірінде «Көрме» орталығында «Eurasian Book Fair-2019» кезекті Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме-жәрмеңкеге алыс және жақын шет елдерден - Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина және Өзбекстан сынды 13 мемлекеттен 90 компания қатысады. Кітаптармен бірге аталған көрмеге сирек кездесетін қолжазбалар да қойылмақ.

«Қазіргі уақытта Ұлттық академиялық кітапханада 13 мыңнан астам сирек кітаптар мен қолжазбалар сақтаулы. Қорымыздың ең үздік экспонаттарының бірі - 1532 жылы көрсетілген ескі латын қарпінде жазылған қолжазба. Бұл кітаптың мұқабасы адам терісінен жасалған, сондықтан көрмеге келушілердің барлығы осы кітапқа қызығушылық танытып отыр. Көрмеде атышулы кітаптың қасына күзет қойылады», - деді Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Дәуренбекқызы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, сирек кездесетін кітаптар арасында Парсы, Үндістан, Қытай және Жапонияның түпнұсқа еңбектерінен алынған 1735 жылы шығарылған қытай ойшылдарының кітабы бар.

«Бұл кітап үш данада жарық көрді, олардың бірі Луврде, екіншісі - Қазақстанда сақталса, үшінші - белгісіз оқырманның қолында», - деді ол.

Айта кетейік, жыл сайын Халықаралық кітап жәрмеңкесі кітаптарды насихаттау, қатысушы елдердің әдеби мұраларын дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтеді. Көрме аясында 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Көрме келушілеріне әдеби экскурсиялар, жұмбақ поэтикалық маршруттар, авторлармен, баспагерлермен, суретшілермен кездесулер ұйымдастырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT