+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды

2021 жылғы 15 маусым 10:13
Бөлісіңіз:
Адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 5 айында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздегі машина жасау саласында 2 мың жұмыс орны ашылады Жұмыссыз ретінде жәрдемақы алушылардың көбі – орта жастағы әйелдер Елімізде 2,2 млн адамның онлайн жұмысқа көшуіне мүмкіндік бар

«Министрлік 230 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысандықамтитын 9 157 өнеркәсіптік кәсіпорынға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалау қызметкерлер мен халыққа қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін ескертуге, қауіпті өндірістік нысандар мен ұйымдарда қолданылатын қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына бағытталған тексеру арқылы жүзеге асырылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, осы жылдың 5 айында ерекше тәртіппен 418 және жоспардан тыс 271 тексеру жүргізілді.

«Тексерудің нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 12 777 фактісі анықталып, 40 млн теңгеден астам сомаға 505 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескен бұзғаны үшін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды», - деді Юрий Ильин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT