Адам өлтірген өзбекстандық Ақтөбе арқылы Ресейге өтпек болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің «Жайсаң» шекара бекетінде 28 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Күдікті Қазақстан арқылы Ресей территориясына өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады. Өзбекстанның Ферғана облысы, Шұңқыр ауылында қылмыстық оқиға тіркеліп, 28 жастағы жігіт 30 жастағы ауылдасын әдейі өлтіріп, қашып кеткен болатын.

«Ақтөбе облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өзбекстандық әріптестерінен хабарлама алып, жедел іздестіру шарасын ұйымдастырды. Күдікті Қазақстан шекарасынан Ресейге өтпек болған жерінен ұсталды. Ол «Жайсаң авто» шекара бекетінде қолға түсті. 1993 жылғы Минск конвенциясына сәйкес, күдікті Ақтөбе қаласындағы уақытша тергеу изоляторына қамалды»,- деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар