Адам өлтірген қостанайлық 18 жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шешімімен қауіпті қылмыскер деп танылды.  

Сотталушы Линарис Ильясов бірінші рет бас бостандығынан 17 жасында айырылды. Қазір оның жасы 35-те. Ол осы уақытқа дейін бірнеше рет темір торға қамалған. 2016 жылдың қараша айында түрмеден босатылған бір жыл өтпей жатып, абақтыға қайта оралатын болды.

13 маусымда Ильясовтің анасының зейнетке шыққанын атап өтуге досы Муради Ревишвили келеді. Оқиға Октябрьский кентінде болған. Линарис келген қонақта 10 мың теңге барын білген. Анасы ұйықтап жатқан кезде ол қонақты ұрып, қолындағы неке сақинасын тартып алады. Алайда, ақша табылмаған. Содан соң ол анасының көзінше оны пышақтап тастайды.

Сот барлық дәлелдерді талдап, Линарис Илясовті кәнігі қауіпті қылмыскер деп таныды. Ол бұған дейін қарақшылық қимылдары, дәрменсіз күйдегі адамды өлтіргені үшін айыпталған. Екі жағдайда да жеке мүліктері тәркіленген.

«Ішінара жазаларды қосу арқылы түпкілікті түрде 18 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Қылмыстық жолмен жинаған мүлкі тәркіленсін. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтелсін», - деп үкім шығарды судья Абай Раисов.

15 тәулік ішінде үкімді қайта қарау жөнінде шағым жасалуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар