+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Адам өлтірген 27 жастағы жігітті қызметтік ит ұстап берді

2020 жылғы 25 қазан 05:35
Бөлісіңіз:
Адам өлтірген 27 жастағы жігітті қызметтік ит ұстап берді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 58 жастағы ер адамды өлтірген қылмыскерді қызметтік ит ұстап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданында 58 жастағы ер адамды өз пәтерінде пышақтап кеткен. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Алайда бірер үйден кейін тұратын 27 жастағы жастағы жігіт тұрғылықты жерінде болмай шықты.

Күдіктіні анықтау үшін Есіл ауданынан кинолог шақыртылып, ол қызметтік итімен бірден ізге түсті. Елді мекен көшелерінің бірінде күдікті тәртіп сақшыларын байқап қалып қашқанымен, көп ұзамай ұсталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа берілді.

Қылмысты ашуға көмектескен Амур атты неміс овчаркасына 3,5 жыл ғана. Есіл аудандық полиция бөлімінің кинолог-инспекторы, полицияның аға лейтенанты Виктор Рейбандт бұл итпен екі жылдан бері жұмыс істейді. Осы аралықта оның көмегімен 18 қылмыс ашылды. Негізінен ұрлыққа қатысты.

«Амур тәжірибелі иттердің санатында. Із кесуге үйретілген ол қылмыскерді де өзі тоқтата алады. Бірақ бұл жолы елдімекен көшесінде адам көп болғандықтан, тәртіп сақшылары күдіктіні өздері ұстады. Аса ауыр қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектескені үшін алты жылдық еңбек өтілі бар Виктор Рейбандт марапатталды», - дейді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.

Жыл басынан СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 730 түрлі қылмыс ашылды. Оның жартысы ұрлыққа қатысты. Сондай-ақ иттер 18 қарақшылық шабуылды және 4 кісі өліміне байланысты қылмысты ашуға көмектесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT