+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Адам өлімімен аяқталған көлік апаты: Алматы облысында қашып кеткен жүргізуші ұсталды

2019 жылғы 14 қараша 11:44
Бөлісіңіз:
Адам өлімімен аяқталған көлік апаты: Алматы облысында қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында адам өлімімен аяқталған көлік апатынан қашып кеткен 44 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да үш көлік апатқа ұшырады Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды Маңғыстауда жолдағы көктайғақтан бірнеше көлік апаты болды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факті 6 қараша күні Кербұлақ ауданында тіркелді. Сарыөзек ауылының жергілікті тұрғыны «Ауди-100» көлігімен бағанаға соғылған. Салдарынан 44 жастағы ер адам көз жұмып, тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

«Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіп, артынша полицейлер оны үйінде ұстады. Анықталғандай, жол-көлік оқиғасы болғанда жүргізуші ішімдік ішкен. Ол арнайы медициналық тексеру кезінде анықталды. Енді күдікті оқиға орнынан қашып кеткені үшін де заң алдында жауап береді»,- деді аталған ведомстводан.

Аталған факті бойынша қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы және ҚР ҚК 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT