+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазақстандықтардан 91 өтініш келіп түсті

2019 жылғы 6 желтоқсан 13:22
Бөлісіңіз:
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қазақстандықтардан 91 өтініш келіп түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айынан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына қазақстандықтардан 91 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жаңа заң бойынша жеті жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды 2019 жылы Алматыға қанша шетелдік келді Алматыдағы ақылы автотұрақта 280 мүгедекке қате айыппұл салынған

«Бұл қызметке жақында ғана кіріскенімді білесіздер. Атап айтқанда, елеулі заңбұзушылықтар бар. Қыркүйек айынан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына 91 өтінім құқықбұзушылықтарға байланысты келіп түсті. Азаматтар шағымы көбіне пенитенциарлық мекемелердегі, қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі азаптауға қатысты», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Адам құқықтары жөніндегі бірінші Еуразиялық форумда.

Сонымен қатар ол 2014 жылдан бастап ұлттық превентивтік механизм жұмыс істеп жатқанын еске салды.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, азаматтық қоғам өкілдері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жиі барып тұрады. Осы орайда әкімшілік тарапынан азаптауға байланысты азаматтардан шағымдар түсіп жатса, азаматтық қоғам қатысушылары аталған мекемелерге барады», - деді Э. Әзімова.

Оның айтуынша, мекемелердегі жағдаймен танысқаннан кейін тиісті ұсынымдар әзірленеді.

«Осы шаралардың қорытындысы бойынша жалпы баяндаманы қабылдап, оны ҚР Президентінің атына, Парламент пен Үкіметке ұсынуға тиістіміз. Сонымен қатар, қорытындыны кеңінен жариялауға міндеттіміз. Осындай қадамдардың арқасында 2014 жылдан бері бірқатар қылмыстық іс превентивтік механизм аясында қозғалған болатын», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айының басында Эльвира Әзімова Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне сайланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT