+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты қандай шектеулер болады

2021 жылғы 13 қазан 17:15
Бөлісіңіз:
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты қандай шектеулер болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде депутат Ирина Унжакова Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты шектеулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігі кеңейтіледі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандар жазаға тартылады

«Уәкіл саяси қызметке қатыспауы керек және партия мүшесі болмауы тиіс. Заң жобасында оның мемлекеттік қызметте болмау керектігі жазылған.

Сонымен бірге, Венеция ұстанымдарына сәйкес, мемлекет бюджеттік жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз етуі керек. Сондықтан бұл мәселені біз қарастырамыз және оны реттеу қадамдары ескеріледі», - И. Унжакова Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін көтеретін қадамдар іске асырылады.

«Заң жобасында дербес құқықтылыққа ие болу сияқты қосымша бар. Бұл өз кезегінде осы қызмет үшін маңызды. Яғни Уәкіл тұтқындалмайды, қамауға алынбайды, қылмыстық әрі әкімшілік жауапқа тартылмайды, сондай-ақ оған қатысты тінту мен жеке тексеру де жүргізілмейді», - деді депутат.

Айта кетейік, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандарға әкімшілік жаза қарастырылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT