+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандар жазаға тартылады

2021 жылғы 13 қазан 16:27
Бөлісіңіз:
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандар жазаға тартылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласқандарға әкімшілік жаза қарастырылған. Бұл туралы Мәжілісте депутат Ирина Унжакова мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО нарығындағы кедергілердің 80 пайызын жойдық Бақыт Сұлтанов сауданы дамытудағы түйткілдерді атады Қазақстан экспортының 51 пайызын шикі мұнай мен мұнай өнімдері құрап отыр

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылды.

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне араласып, кедергі жасау фактісі бойынша әкімшілік жаза қарастырылған. Кодекске тиісті түзетулерді енгізбекпіз», - деді И. Унжакова заң жобасын таныстыру кезінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін көтеретін қадамдар іске қосылады.

«Заң жобасында дербес құқықтылыққа ие болу сияқты қосымша бар. Бұл өз кезегінде осы қызмет үшін маңызды. Яғни Уәкіл тұтқындалмайды, қамауға алынбайды, қылмыстық әрі әкімшілік жауапқа тартылмайды, сондай-ақ тінту мен жеке тексеру жүргізілмейді», - деді депутат.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT