Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Мәжбүрлеу арқылы алынған дәлелдер заң алдында жарамсыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар трагедиясы бойынша қамауға алынғандардың мемлекет тарапынан берілген адвокаттардың қызмет сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, ұстауға алынған және қамалған азаматтармен әңгімелесу барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету аясында тартылған кейбір адвокаттардың қорғау сапасы туралы шағымдар түсті», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, аталмыш жағдайды соттар мен тергеушілер істерді қарау кезінде ескеруі керек.

«Мұндай көмекке қол жеткізген азаматтардың көшілігі өз адвокаттарының аты-жөнін, олармен кері байланысатын контактілерді білмеген. Атап өтсек, заңнамаға сәйкес, мәжбүрлеу арқылы алынған барлық дәлелдер жарамсыз болып табылады. Тағы да қайталап өткім келеді, шағыммен келгендердің қайта құрбан болуына жол бермеуіміз керек», - деді Эльвира Әзімова.


Соңғы жаңалықтар