Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров UNICEF өкілімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) жаңадан тағайындалған өкілі Артур ван Дизенмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында ҚР омбудсмені ең алдымен осы ұйыммен бірлескен жобалар аясындағы көпжылдық жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Басым бағыттар ретінде балаларды кемсітуден қорғау, олардың құқықтарын институционалдық мекемелерде және көші-қон үдерістерінде сақтауға мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.

Жекелеген жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша, атап айтқанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша қазақстандық тәжірибе басқа елдерде пайдалану үшін ұсынылған.

UNICEF жаңа өкілі өз ұйымының ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайындығын білдіріп, оны Қазақстан үкіметі тарапынан тұжырымдау үшін тиісті құжатты әзірлейтіні туралы хабардар етті.

Кездесуге UNICEF-тің Қазақстандағы бұрынғы өкілі Юрий Оксамитный да қатысты.

Соңғы жаңалықтар