Адам құқықтары жөніндегі орталыққа қазақстандықтар қандай мәселелер бойынша жүгінеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа 807 шағым келіп түсті. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа 807 шағым түсті, оның 127-сі азаптауларға қатысты. Қалғандары негізінен шағым авторларына немесе олардың өкілдеріне қатысты шығарылған сот актілерімен келіспеу себебіне қатысты», - деді Артур Ластаев елордада тілшілерге берген сұхбатында.

Осы орайда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл әр шағымда көтерілген мәселе тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе талқыланатанын айтты.

«Біз әр жағдайда мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі қарастыруға назар аударып отырмыз», - деді Артур Ластаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылмағынан айтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы азаптау мен басқа да қатыгездіктің алдын алуға қатысты заңға қол қойды.


Соңғы жаңалықтар