Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа мүшелері тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов жаңа мүшелерді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің қаулысымен комиссияның құрамына  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Бас мүфти Серікбай Ораз, азаптауға қарсы Ұлттық превентивті механизмнің хатшысы Сәуле Мектепбаева енді. «Бүгін біз жазғы демалыстың алдында соңғы отырысты өткізіп отырмыз. Енді, Мәдина Әбілқасымова сәл кешігіп жатыр. Бірақ байқап қарасаңыз, комиссияның тәжірибелі мүшелері - министрлер кешікпей келді. Біз бір рет кешіріммен қарайық. Келесі жолы Мәдина бәріміз сияқты уақытында келетін болады деп сенеміз. Бас мүфти Серікбай Ораз да келе алмады. Өйткен ертең - айт. Соған дайындалып жатыр. Бірақ бір апта бұрын Президенттің сенім білдіргені үшін алғысын айтып, отырысқа қатысамын деген. Сәуле Мектепбаева бұрын комиссияның мүшесі болмаса да, сарапшы  ретінде кеңес беріп отырды. Енді, комиссияның толық мүшесі ретінде арамызға қосылып отыр. Осы жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтын барлық комиссия мүшелеріне алғыс айтамын», - деді Қ.Сұлтанов.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау туралы туралы айтып берді. Жемқорлық мәселесі де тыс қалмады.   Ал ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мемлекеттік қызметке жаңадан келетін мамандарды жемқорлықтан қорғау қажеттігін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар