Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті,  

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсыновтың жетекшілігімен өткен жиынның күн тәртібіне орай ҚР Жоғарғы Сотының азаматтардың сотта өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі конституциялық құқын қамтамасыз етудегі қызметі туралы мәселе талқыланды. Ол бойынша Комиссия отырысында ҚР Жоғарғы Соты Бақылау алқасының төрағасы Анатолий Смолин баяндама жасап, соттарда азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы конституциялық құқықтарының қамтамасыз етілу жағдайына тоқталып өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда азаматтардың құқы мен бостандықтарының сотта қорғалуының негізгі кепілі жыл өткен сайын кеңіп отыр. Мәселен, осының айғағы ретінде Жоғарғы Сот өкілі 2007 жылдан бастап елімізде енгізілген алқа билер институтын алға тартты. «Сот жүйесіндегі бұндай қазақстандық үлгі сот істеріне қоғамның тікелей араласуына жол беріп, бұл саладағы демократияның дамуына ықпалын тигізіп отыр. Ағымдағы жылы алқа билердің қатысуымен 32 іс қаралып, 63 тұлғаға қатысты үкім шығарылды. Ал былтырғы 2008 жылдың алғашқы жартыжылдығында алқа билермен 32 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс қаралған болатын. Осылайша, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда алқа билердің қатысуымен өткізілген сот ісі 46 пайызға артып отыр», деді А. Смолин.

 Сонымен бірге, басқосуда құқық қолдану тәжірибелерін жетілдіру, сот шешімдерін орындау сатысында азаматтардың құқын қорғау мәселелері де қозғалды. Жиынға қатысушылар сондай-ақ, сот жүйесін одан әрі дамыта түсу, оның  ашықтығы мен мөлдірлігі деңгейін арттыру секілді мәселелерге назар аударды.

Соңғы жаңалықтар