Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық директорын қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов Халықаралық көші-қон ұйымының Оңтүстік-Шығыс, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директоры Рената Хельдпен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында Қуаныш Сұлтанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның төрағасы ретінде аталған комиссияның Халықаралық Көші-қон Ұйымымен бірлескен қызметі жөнінде айтып берді. Өз кезегінде мейман Рената Хельд Халықаралық Көші-қон Ұйымының Қазақстан мен Орта Азия елдерімен белсенді ынтымақтастығы және әсіресе, адам саудасымен күрес бойынша әзірлеген бірлескен баяндамасына ризашылығын білдірді.

Кездесуге Халықаралық Көші-қон Ұйымы өкілдігінің басшысы Деян Кесерович пен Комиссия хатшысы Тастемір Әбішев қатысты.

Соңғы жаңалықтар