Адам құқықтары жөніндегі комиссия ҚР Жоғарғы сотына сот үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету туралы ұсыным жасады

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында комиссия мүшелері ҚР Жоғарғы сотына сот үдерістері мен сот билігі органдарының ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ету туралы ұсынымдар жасады,  

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұндай мақсатқа ең алдымен сот үдерісі бойынша бірқатар объективті әдістерді, атап айтқанда, сот отырыстарында  міндетті түрде аудио немесе бейне жазбаны қолдануды ендіру арқылы қол жеткізуге болады. Ал бүгінгі күні сот отырысы барысын көрсететін бір ғана сенімді құжат бұл сот отырысының хаттамасы болып отыр. Бірақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша сот отырыстарының хаттамасын міндетті түрде жүргізу мәселесі мүлдем қарастырылмаған. Ал тараптардың сот ісі бойынша аудио-бейне жазбалар жүргізу құқы тек төрағалық етушінің келісіммен ғана жүзеге асады. Сондықтан да, сот отырысындағы орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу үшін заңға тиісті өзгерістер енгізу қажет», делінген Комиссия мүшелері қабылдаған ұсынымда.

Бұдан басқа, қабылданған ұсынымда соттағы істердің қозғалысы туралы ақпаратты ашық қылып, сот актілерінің қолжетімділігін кепілдендіру қажеттігі айтылады.  Сонымен бірге, соттар мен судьялардың кәсібилігін тереңдету, республика өңірлеріндегі ювеналды соттарды дамыту, салық, еңбек және басқа да мамандандырылған соттар құрудың негізділігін зерттеу шараларын қабылдау туралы ұсыныс жасалды. Онда адвокаттардың мәртебесі мен процессуальдық мүмкіндіктерін арттыруды заң жүзінде бекіту туралы шаралар да қамтылды.

Соңғы жаңалықтар