Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді - Юрий Михуля

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшесі Юрий Михуля осылай дейді.

«Егемен Қазақстан» газетінде шыққан Президентіміздің мақаласы бізге жаңа серпін мен жаңа белестірді бағындыруға жігер қосты. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы жайлы айтылған. Шынында адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі» дейді белсенді жас.

Юрий Михуля халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзін үнемі есте ұстайды.

«Біз шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз. Мемлекет басшысы осы жайында «біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деген еді. Мен де еліміздің күннен күнге нығайып, дамуында әрбір қазақстандық аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиелей білуіміз керек деп есептеймін» дейді Юрий Михуля.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар