Адам аяғы баспаған бірегей аймақтарды қорғау керек – Алматы әкімі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданының аумағын дамытуға ыңғайлы болатын учаскелерді аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім Instagram-дағы парақшасында, «Горный гигант» ықшамауданында жеке инвестордың қаражатына музыкалық кешен салынатынын жеткізді.

«Болашақта мұнда жаңа қоғамдық және әлеуметтік нысандар пайда болады. Жаңа келбетке ие болатын ықшамаудан қаланың орталығы сияқты тұрғындарға жайлы мекен болары сөзсіз», деп жазды Бақытжан Сағынтаев. Сонымен қатар, ол жаңа мен ескі Алматының арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екендігіне тоқталды. Әкімнің айтуынша, қалада әсіресе, әлі адам аяғы баспаған бірегей аймақтарды қорғау керек. «Мәселен, Горный гиганттағы емен аллеясын айтуға болады. Бұдан өзге тұрғындардың шағымдары бойынша ретке келтіру мен абаттандыруды қажет ететін учаскелерді де араладым. Аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежановқа Есентай өзенінің жағалауына жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін шешуді тапсырдым», деп жазды әкім.

Соңғы жаңалықтар